11 Қырқ 2021
Жаңалықтар

1 қыркүйек — Білім күні

КММ "Жалпы білім беретін Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектебі"

Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар, ата-аналар!

Сіздерді 1 қыркүйек жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1 қыркүйектен бастап Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектеп ұжымы Білім министрлігінің оқу мекемелері үшін енгізген жаңа ережелері мен талаптарды сақтай отырып,

пандемияға дейінгідей дәстүрлі форматта оқитынын қуанышпен хабарлаймыз!

Сіздерге жаңа оқу жылында жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!