14 Қырқ 2021
Жаңалықтар

Ұстаздық ету - оңы мен солын танымаған,қанаты қатаймаған бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындата отырып, адамдыққа,адалдыққа тәрбиелеу

КММ "Жалпы білім беретін Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектебі"

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ұстаздық ету - оңы мен солын танымаған,қанаты қатаймаған бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындата отырып, адамдыққа,адалдыққа тәрбиелеу. Осы ұғымды жүрегіне ұялатып, санасына тоқыған ұстаздан жаман оқушы шығуы мүмкін емес. Оған бүгінгі мерекемен тұспа тұс келген қуаныш, ұстаз жемісі дәлел.

Жақында "BI Group” инновациялық холдингінің ұйымдастыруымен "Ризамыз Ұстаз" атты бірегей жобасы өткізілді. Осы жобаға Қ.И.Сәтбаев орта мектеп түлегі Лұқпанова Ғалия өзінің сүйікті ұстазы, әріптесіміз Мурзагулова Гульжан Жардемовна туралы әсерлі жазба арнаған. Жазба еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ұстаздарына айтылған алғыстар ішінен іріктеліп, елордамызда орналасқан Атырау көпірінде мұғалімдердің портреттері бар ауқымды көрмеден Гульжан Жардемовна да орын алды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, мақтаныш!

Гульжан апайымыздың сан жылдар бойы еткен еңбек жемісінің бір көрінісі.

Ұстаздың жеңісі- оқушысының алғысы.

Қадірлі әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаздық жолда тәрбиелеп, ұшырған түлектерінің тек жеңісті күндеріне куә болып, алғысқа бөлене беріңіз!

Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!